Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастин Порье Макгрегормен болатын үшінші жекпе-жектің күнін атады

Жеңіл салмақтағы UFC-нің бұрынғы уақытша чемпионы америкалық Дастин Порье жанкүйерлерге Конор Макрегормен жекпе-жектің болжамды күнін жариялады.

Порье өзінің Твиттер-аккаунтында «10 шілде» деген хабарлама жариялады.

Бұл Порье мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы келесі жекпе-жектің күні деп болжануда.

Бұған дейін жекпе-жек командалары үшінші жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Порье мен МакГрегор соңғы рет 2021 жылдың қаңтарында жекпе-жек өткізді. Жеңіс америкалық спортшыға бұйырды. Ол қарсыласын нокаутқа жіберді.

Олардың алғашқы жекпе-жек 2014 жылы өтті. Ол кезде Макгрегор Порьені нокаутқа жіберді.

32 жастағы Дастин Порьенің 27 жеңісі мен 6 жеңілісі бар. Макрегордың 22 жеңісі мен 5 жеңілісі бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр