Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастин Порье: Конор жеңілісін жақсы қабылдады, бұл сыйластыққа лайық әрекет

Бірнеше сағат бұрын көптен күткен америкалық Дастин Порье мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек аяқталды. Екі балуан да жекпе-жек туралы пікір білдірді.

«Мен қуаныштымын. Бірақ мен таңғалмаймын, өйткені мен бәрін бердім. Конор нәтижені өте кәсіби деңгейде қабылдады. Сыйластыққа лайық. Қазір біздің есебіміз тең, сондықтан біз тағы жекпе-жекке шығамыз. Тағы да басты міндет. Мен бокстаса алатынымды білемін, бірақ мен кейде адам таымастай болып кетем. Мен бұл жекпе-жекте Конордың уақыты жақсы екенін білдім, бірақ мен оны жеңдім. Егер Хабиб қайтып келмесе, МакГрегор екеуміз жеңіл салмақтағы ең үздіктерміз», - деді Порье жекпе-жектен кейін.

Макгрегор да өзінің жеңілісі туралы да пікір білдірді.

«Ұзақ уақыт бойы әрекетсіздіктің орнын толтыру қиын. Маған өте қолайсыз болды», - деді МакГрегор.

Ирландиялық спортшы 2021 жылы қайтып оралатындығы туралы сұраққа еш күмәнсіз жауап берді.

«Әрине. Маған белсенділік керек, балалар. Бұл бизнесте енжар ​​болуға болмайды», - деп жауап берді.

Еске салайық, UFC 257 турнирінің басты шайқасында Дастин Порье екінші раундта МакГрегорды нокаутпен жеңді. 2019 жылы Порьені Хабиб Нұрмағомедов ойсырата жеңген еді.

Талқылау