Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының тарихына өз есімін алтын әріппен жазды

Олжас БайбекФото:Stan.kz collage

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың бірі ретінде тариқха енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық “Қайрат” футбол клубының жас жұлдызы Дастан Сәтпеав “Копенгагенге” қарсы матчта гол соқты.

Осылайша ол Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ футболшысы атанды.

Бұған қоса Дастан Сәтпаев - Чемпиондар лигасының тарихында гол салған ең жас үш футболшының бірі. 

1. 17 жас 40 күн: Ансу Фати (Интер 1-2 Барселона, 10/12/19)
2. 17 жас 68 күн: Ламин Ямаль (Монако 2-1 Барселона, 19/09/24)
3. 17 жас 106 күн: Дастан Сәтпаев (Копенгаген 3-2 Қайрат, 26/11/25)
4. 17 жас 113 күн: Виктор Дадасон (Копенгаген 2-4 Дортмунд, 21/10/25)
5. 17 жас 119 күн: Джордж Иленикена (Антверпен 3-2 Барселона, 13/12/23)
6. 17 жас 149 күн: Антонио Нуса (Порту 0-4 Брюгге, 13/09/22

Сонымен қатар  тартысқа толы матчта “Қайрат” сапынан Олжас Байбек қарсыластың қақпасынан саңылау тауып, “Чемпиондар лигасында гол соққан екінші қазақ футболшы болды.

Дегенмен “Қайрат” тартысқа толы матчта “Копенгагенге” 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді алматылық клуб 9 желтоқсан күні Астана қаласында грекиялық “Олимпиакосқа” қарсы ойнайды.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 02:20
Талқылау