Дастан Оразбеков әрбір ата-ананың баласымен бірге жасау тиіс бірнеше істі атады (фото)
Дастан Оразбеков инстаграм парақшасы арқылы ой саларлық жазбасын жариялады. Аталған жазбасында ол әрбір ата-ананың баласымен бірге жасауы тиіс бірнеше істі жазған.
Фото: instagram.com/dastanello/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Әрбір ата-ана өзінің балаларымен келесі бірнеше істі бірге атқаруы тиіс: аққала жасау, шанамен сырғанау, қағаз кемені суға ағызу, батпырауық ұшыру… Осының барлығы балалық шақтың тәтті естеліктері болып қалады деп жатады! Жер бетіндегі әрбір отбасыға тыныштық пен махаббат тіледім!” – дейді Дастан Оразбеков.
Әншінің әйелі мен баласына деген қамқорлығын желі қолданушылары ерекше бағалады. “Дастан, сіз өте еңбекқор жансыз”, “Аллам сіздерге жар болып, сақтап жүрсін”, “Ұлың үлкен азамат болсын, “Сен жер бетіндегі ең керемет әкесің”, “Дастан, сізді сыйлаймын әрі жақсы көремін. Өнеріңіз өрлей берсін. Сіз нағыз ер-азаматсыз. Аллам әрдайым сізге жар болып жүрсін. Ұлыңыз ер жетіп қалыпты. Көз тимесін”, “Дұрыс айтасыз! Балаға көңіл болу қажет” деп жазды желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Айсәуле Бақытбек кәсібилікті сақтамаған журналистерге ашуланды
Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін
Бейбіт Қорған да қажылыққа аттанып кетті
Айдана Меденова алғаш рет ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтты