Дастан есімді студент Оңтүстік Кореяда тележүргізуші болып, Қазақстанды танытып жүр
Қазақстандық студент Дастан Валиулинді Оңтүстік Кореяда «Қазақстанның мәдени елшісі» деп атайды.
Кукмин университетінің үшінші курсында оқитын ол, оңтүстік корея телеарналарына танымал болып үлгірді,-деп жазды 24.kz.
Қазақстандық Дастан Валиулиннің өмірі университет, студия, хоккей алаңы арасында өтіп жүр. Ол Оңтүстік Кореяға білім алу үшін төрт жыл бұрын келген.
Корей тілін үйренгені соншалық оны жергілікті телеарналар шақыра бастаған. Телебағдарламалардың бірінде ол оңтүстік кореялық халыққа өз отаны туралы айтып беріп, бауырсақ пісіру мен етті қалай асатынын үйретті.
Жақында Дастан Пхенчханда өтетін олимпиадалық және паралимпиялық ойындарға Қазақстан елшісі ретінде қатысады.
Оның міндеті – Олимпиада қонақтарына корей тілінде Корея туралы айтып беру және қазақстандықтарға Корея мәдениеті туралы қазақ, орыс тілдерінде ақпарат беру.
«Мен Қазақстанда ғарыш алаңы бар екенін және оның ашық ғарышқа ұшу үшін тиімді әрі қолайлы жер екендігі туралы алғаш рет Дастаннан естідім. Мұндай деректерді корейліктер білмейді.
Қазақстанның тұрмысы мен салт-дәстүрі жөнінде біз телеарнада бірқатар бағдарламалар дайындап жүрміз. Елінің беделін айқындап беруде Дастанға үлкен жауапкершілік артып отырмыз»,-деді телепродюсер Ли Сын Тхэк.
«Мен өзімді Кореяда актер ретінде, жүргізуші ретінде сынап көргім келеді. Жергілікті халыққа Қазақстан туралы айтқым келеді. Сонымен қатар, арманымдағы жұмысымды тауып, Қазақстан мен Кореяны өзара байланыстыратын өзімнің кәсібімді ашқым келеді»,-дейді Пхенчханда өтетін Олимпиададағы Қазақстан елшісі Дастан Валиулин.
Қазақстанға келу бақыты бұйырған оңтүстік кореялықтар біздің елді «сұлу адамдар елі» деп атайды екен.
Сұлу қазақ қызының бет-бейнесін волейболшы Сабина Алтынбекова қалыптастырса, әдемі жігіттің бейнесін студент Дастан Валиулин қалыптастырып келеді.
Оқи отырыңыз:
Дүкен сөресінде жүгіріп жүрген егеуқұйрық видеоға түсіп қалды (видео)
Ескерту: Астананың кейбір көшелері уақытша электр қуатынан ажыратылады
Депутат автокөлік нөміріне иесінің атын жазуға рұқсат беруді ұсынды
Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады