Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан: Бақыттымын, көптен күткен перзентім дүниеге келді

Бүгінгі таңын жағымды жаңалықпен атырған Дастан Оразбеков екі ұлдың әкесі атанғанына байланысты  халықтан сүйінші сұрады. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші ерекше сәтін дүйім жұртпен бөлісуді жөн деп шешті.

«Ана мен баланың жағдайы қазір жақсы. Әйтеуір Аллаға шүкір! Аман есен аяқ-қолын бауырына басып, бақыттан басымыз айналып жатыр. Алдиярдың қуанышында шек жоқ. Біз енді ауруханада болғанда, менің анамнан естегенім үйде айғалап қатты қуаныпты. Алдиярдың көптен күткен бауырының бірі. Сондықтан, бізден артық қуанбаса, кем қуанған жоқ», – дейді Дастан Оразбеков.

Жұлдызды жанұя екінші сәбилерін ұзақ күткендерін айтады. Бүгінде Дастан мен Жанаттың үлкен ұлдары Алдияр 9 жаста екен. Дегенмен, екінші мәрте ата-ана атану мәртебесін иемдену бұл жұпқа оңай соқпаған.

«Иә, шыныменде бұл баланы ұзақ күттік. 9 жылдан кейін сүйіп отырған перзентіміз. Әрине ата-анасынан бөлек, әулетіміздің қуанышында шек жоқ. Есімін қазір ойластыру үстіндеміз. Бірақ, жоспарда дәл қазір екі есім бар. Нақты шешім қабылдауға әлі 2 күн бар. Сондықтан қазір асығыстық танытқанымыз дұрыс болмас», – дейді жас әке.

Айта кетейік, Дастанның сөзіне сенсек, алдағы 3 күнде жұбайы мен мұрагері перзентханадан шығады. Сол кезде екінші ұлының есімін ресми түрде дүйім жұртқа хабарлайтынын жеткізді. Әнші жары босанар кезде қасында серіктес болған. Бірінші қлында да жан жарына қиын сәтте қасында болып, демеп тұрған.

Оқи отырыңыз:

«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді

Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды

Актриса Мэрайя Кэриді сексуалды зорлық көрсетті деп айыптады

 

Талқылау