Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дарья Александроваға сүйіктісі әуежайда екінші рет ұсыныс жасады (видео)

Актрисаның сүйіктісі оған Санкт-Петербург әуежайында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Тосын сый Дарья достарының көмегімен алдын ала әзірленген екен.

12142456_163922693954184_243914934_n

Фото: instagram.com/dariya_aleksandrova/?hl=ru

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Жігіті ұсыныс жасау үшін Дарьяның диплом қорғауын күтіп жүрген екен. Әлеуметтік желіде бойжеткен сүйіктісінің осыдан 6 жыл бұрын өзіне ұсыныс жасағанын айтты. Алайда ол кезде өзінің жастығын айтып, әнші бас тартқан екен.

Тіпті арада түсініспеушіліктер орын алып, екеуі айырылысып та кеткен көрінеді. Біраз уақыт өткен соң екеуі қайта қосылған.

Дарья дәл қазір өзін толықтай отбасына арнауға дайын. Тезірек ана атанғысы келіп жүргенін де жасырмайды.  Мансабын да шетке ысырмайтынын айтады.


Жіберіп алмаңыздар:

Дарья Александрова: Казахстанцы, почему вы такие злые?

Қазақстандық әнші тыңдармандарына арнап стриптиз биледі (видео)

Серік Ибрагимов жұрт алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Астанадағы океанариумде жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Талқылау