Дарико Хасанғалиева мен Гүлзира Айдарбекова жұрттан алған ең бағалы сыйлықтарын көрсетті (фото)
Жұлдыздардың үйін кімдер толтырады? Сыйлықтарды кімдер береді? Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат алып берген үйіндегі жан-жақтан келген сыйлықтарды Stan.kz тілшісіне көрсетті.
Оның ішінде ең құндысы Бекболат Тілеуханов Қайрат Нұртасқа берген кішкентай жастық екен. Арнайы қорабы бар таза ағаштан жасалған домбыраны да феноменнің отбасы сыйға алыпты.
Ал, мына қасқыр үлкен бір ағасынан дейді продюсер. Ыдыс-аяққа қызығатын продюсер – ана екі бірдей сөресін тек қымбат ыдысқа толтырып қойыпты.
Ол дастарханға ақ пен сары түсті ыдыстарды араластырып қою сәнге айналуда дейді. Сыйлықтар өте көп болғандықтан, жартысын КН фабрикасы мен Астанадағы үйіне бөліп тастайтын көрінеді.
Мысалы мына Қайраттың картинасы әлі орнын тауып үлгермепті.
Ал, Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы ыдыс-аяқ жинағанды жақсы көреді екен. Ол шетелге барса да ыдыс әкелуді әдетке айналдырыпты.
Маддона да, өзбектің мақта салынған ала ыдысы да сөресінде өз орнын тапқан. Әсіресе, сурет көрмесіне ұқсаған үйінде портреттер көп. Ескендір Хасанғалиевтің үйін музыкалық аспаптың түр-түрі бар.
Ал, оюмен көмкерілген ұлттық нақыштағы мына естелікті Болат Әбішұлы Назарбаев сыйға тартқан.
Ал, 20-30 жылдан бері тұрған мына құмыраның маңызы зор дейді Дарико Хасанғалиева. Өйткені, бұл ыдысты апамызға Дінмұхамед Қонаевтың өзі сыйлапты.
Оқи отырыңыз:
Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім
Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым
Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын
Кентал: Туған күнімді тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады (фото)
Хит әндердің авторы ақын Бағдаулет Арыстан қызының 1-жас тойын дүркіретіп атап өтті (фото)
“Болашақ” студенті: Оқуға келіп шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын қызғанамын