Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәріханада дәрілер жоқ: Ақтауда наразы жұрт алаңға жиналды

Ақтау қаласының тұрғындары  дәріханада дәрі-дәрмектердің жетіспеуіне байланысты алаңға жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау

Lada.kz-тің хабарлауынша, "Ынтымақ" алаңында 20-ға жуық адам жиналды.

Тұрғындар қалада дәрі-дәрмек тапшылығы бар дейді. Қала тұрғындары биліктен бұл мәселені шешуді сұрады.

"Дәріханаларда ештеңе жоқ. "Физраствор" еш жерде жоқ, салмағы алтынға тең", - дейді жергілікті тұрғын Әлішер.

Ал Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының бастығы Ержан Күмісқалиев дәрі-дәрмектердің тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Дәріханаларда да бұрын болған ажиотаж жоқ. Біз жиналған қауыммен жолда кезіккен бірінші дәріханаға кірдік және онда айтылған үш дәрінің екеуі бар екені анықталды. Сондықтан дүрбелең тудырудың қажеті жоқ", - деп түсіндірді Ержан Күмісқалиев.

STAN.KZ
Жексенбі, 19 Шілде, 2020 16:58
Талқылау