"Құдай өзі кешірсін" деген сөзі телефонда жазылған: Атырауда нәрестені тоңазытқышқа салған дәрігерлер ісі
Сот процесі кезінде Атыраудың перинаталдық орталығында сәбиді өлтіру туралы жаңа фактілер жарияланды. Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асқарбек Ермұқашев куәгер ретінде жауап алынды.
Қайғылы оқиға 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болды. Сол күні Атыраудың перинаталдық орталығында нәресте дүниеге келді, ол босанғаннан кейін бірден өмір белгілері байқалмады. Бала қозғалыссыз туғандықтан ол өлі туған сәби ретінде тіркелді. Алайда баланы тоңазытқышқа салар кезде оның аяғы қимылдай бастаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжаттарда шатаспас үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сотталушы акушерка Кұлбатырованың адвокаты Талғат Мұқатанов айыпталушыға тағылған айып қандай дәлелдерге негізделген деп сұрады. Бұған жауап ретінде Ермұқашев: «Құпия тергеу әрекеттерінің, куәгерлердің айғақтарының және сот-медициналық сараптаманың қорытындысының негізінде» деді.
Құлбатыроваға «бір топ адам алдын-ала сөз байласып, басқа қылмысты жасыру үшін жасаған ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді» деп айыпталуда.
Ермұқашев тергеу амалдары бойынша мұның бәрі қалай дәлелденгенін түсіндірді.
«Мұны жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері дәлелдейді. Екі адам арасында телефон арқылы сөйлесу бар. Әңгіменің мәнін анықтау үшін филологиялық сараптама жүргізілді. Айыпталушы соны - орындаушы.
Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, нәрестені тоңазытқышқа салғаннан кейін ауа берілуінің тоқтатылуы ерекше қатыгездік.
«Басқа қылмысты жасыру үшін» - ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы (Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы) бойынша қылмысты жасыру үшін нәрестені тоңазытқышқа орналастырды. Ертеңгі күнгі сараптама анықтамауы үшін, оны суға салу керек пе әлде тоңазытқышқа салу керек пе деген мәселе туды. Аудиожазбаның мазмұнына сүйенсек, егер баланы суға салса, онда сараптамада баланың өкпесінде судың бар-жоқтығын көрсете алады дейді, сондықтан оны тоңазытқышқа салуға шешім қабылдады. Белгілі бір уақыт ішінде тірі сәби дәрменсіз күйде болды, оған көмек көрсетілмеді. Осы дәлелдемелерді ескердік», - деді тергеуші.
Сондай-ақ, жауап алу кезінде адвокат мән-жайлар стихиялы түрде пайда болды және айыпталушылар «біреуді өлтіруге келіспеді» деген пікірін білдірді.
«Психологиялық-филологиялық сараптамада «мынау бұйрық беріп тұр» деп жазылған. Бұл жерде қандай келісім болуы мүмкін, маған түсіндіріп беріңізші», - деп сұрады адвокат Бақберген Айтмамбетов.
«Мен бұған дейін айтқан едім, телефон арқылы сөйлесудің стенограммасы бар, филологиялық сараптаманың қорытындысы бар, одан дәрігерлер өзара кеңесіп, осы нәрестенің тағдырын шешкені анық. Ал телефон арқылы сөйлескен стенограммада « Бізді Құдай бізді кешірсін», - деген сөз бар. Олар бұның не жағдай екенін толық түсініп тұр », - деп түйіндеді Ермұқашев.