Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Шымкент тұрғыны әуретті жерін қалай кескенін айтып берді

Бұған дейін Шымкент тұрғыны өзінің әуретті жерін кесіп тастағанын жазған едік. Ол жүйке ауруымен есепте тұратыны белгілі болды.

Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Науқас алдымен жансыздандыратын препарат салып, кейін арнайы құрылғының көмегімен жыныс мүшесін кесіп тастаған. Бірақ, кенет «операцияны» дұрыс аяқтамаса керек, соңында азаматтың жағдайы нашарлап, ақыр соңы ауруханадағы ота залынан бір-ақ шықты. Дәрігерлер оған хирургиялық ем жасап, аман сақтап қалды. Қазір науқас урология бөлімінде ем қабылдауда.

«Науқас келген кезінде ұма аймағы кесілген. Арнайы скалпельмен жыныс мүшесін кескен. Ол мұны интернет арқылы көріп жасапты. Оған алғашқы жәрдем көрсетілді. Өзі тұрып-жүріп жатыр. Енді ол кісінен ұрық шықпайды. Бала-шағасы тастап кеткен. Ешкіммен отбасын құра алмағандықтан, осы қадамға барыпты», — дейді дәрігер-уролог Арман Бейсенов.

Осылайша әуретті жерін кесіп тастаған азамат бұл жағдайдан кейін белсіз болып қалды дейді дәрігерлер. Жүйке ауруларымен есепте тұрғандықтан, науқас ертең арнайы әлеуметтік орталықта емін жалғастырмақ. Бүгіннің өзінде психитарлар азаматты тексеріп, бақылауларына алды.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда төтенше жағдай: Тұрғындар жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтып берді

Балқаш тұрғыны 5-қабаттан жаңа туған алты күшікті лақтырып жіберді

Бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған бұзақылар жеңіл жазамен сытылып кетпек

Павлодар облысында денесі табылған келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр

Талқылау