AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық дәрігерлер вакцинадан кейін өтірік құлап қалған жігітті сотқа бермек

Атырауда вакцинациядан кейін дүрбелең тудырған өзбекстандық азаматты сотқа бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам орын алған жағдайдан бұрын дәрігерлермен сөзге келіп қалғандықтан, осындай арандатушылық видео түсіретінін айтып ескерткен. 

Қызметкерлері "Дина" базарында Өзбекстан азаматына вакцинация жүргізген №3 емхананың әкімшілігі шетел азаматын қорлау және жала жапқаны үшін сотқа бермекші.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-тармағы бойынша қорлау, сондай-ақ жала жабу және жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік кодекс бойынша іс қозғау шаралары қабылданды. Бұл азамат біздің көзқарасымыз бойынша заңсыз әрекетке барды және жүргізіліп жатқан іс-шараға қарсы  бағытталған қасақана әрекет жасады", – дейді №3 емхананың заңгері Гүлсім Сабирова.

"Дина" базарындағы вакцинация пунктінде жұмыс істейтін N3 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айгүл Үсембаева жас жігіттің екпе алуға бауырымен келгенін айтады. Дәрігерлер оның бауырының тегін базалық дерекқордан таппаған. Ақ халаттылар кейде жүйеде мұндай ақаулар орын алып тұратынын айтады. Содан соң екпе алушы ашулана бастаған, дәрігерлерге тіл тигізіп тіпті оларды қабілетсіз деп айыптаған.

Дегенмен, ол арнайы келген вакцинаның екінші бөлігін алған және екпе салынғаннан кейінгі бекітілген уақытты дәрігерлердің бақылауында өткізген. Содан кейін қайтып, біраз уақыттан кейін өзі жұмыс істейтін шағын дүкеннің иесімен бірге еріп келген. 

"Екеуі содан соң бауырының тегі базадан табылмағанына ашуланып, бізге қарсы айқайлай бастады. Бұдан кейін біздің бөлімге вакцина қабылдауға ешкім келмейтіндей видео түсіріп, жариялайтындарын айтты. Жұмыс уақытының аяқталар тұсында біз көшеден шулаған дауыстар естіп жүгіріп шықсақ, бізге келген жас жігітті жедел жәрдем алып бара жатқанын көрдік. Мен, шынымды айтсам, бейнежазбаны көріп, қатты таңғалдым. Практикада вакцинаның жанама әсерлері болып жатса, ол көп жағдайда бірінші құрамынан кейін орын алады, ал екінші құрамда мұндай әсер беру көп жағдайда кездеспейді", – дейді дәрігер.

Белгілі болғандай, жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген, оны дәрігерлер тексеру кезінде денсаулығында ешқандай ауру белгілерін көрмеген және сол күні үйіне жіберген.

"Видеоны көрген кез келген дәрігер мұның жасанды симуляция екенін бірден байқайды, себебі нағыз ұстама басқаша болады. Ер адам кілемшенің үстінде жатыр, басына да кілем қойылған біреу арнайы жағдай жасап қойғандай әсер береді. Бейнежазба бірнеше секундқа ғана созылады. Біз тек ол азаматты ғана емес, оған осы осы істі жүзеге асыруда көмектескендерді де жауапқа тартпақпыз", – деп сөзін түйіндеді №3 емхананың директоры Айман Өтегенова. 

Оның айтуынша, мұндай әрекеттермен арандатушылар коронавирустық инфекцияның алдын алу және вакцинация қажеттілігін түсіндіру бойынша атқарған барлық жұмысты құрдымға кетіреді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы "Дина" базарындағы бекетте вакцина алу кезінде шетелдік азамат дәрігерлерге дөрекілік танытқанын жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр