Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ота жасап әйелдің басынан тірі тарақанды шығарып алды (видео)

Үндістанның Ченнаи қаласында 45 жастағы әйелдің басына ота жасалды. Дәрігерлер науқастың басынан тірі тарақанды шығарып алды.

Таракан_040217

Тірі жәндік Селви есімді әйелдің құлағынан кіріп кеткен. Ол әйелдің басын ауыртып, қышытқан. Үндістан азаматшасы ауруханаға жеткізіліп, оған тез арада ота жасалды, деп жазады Indian Express.

Мына видеодан дәрігерлердің әйелдің басынан тарақанды қалай алғанын көруге болады. Дәрігерлердің айтуынша, жәндік өліп қалмағандықтан да Селвидің жолы болған.

“Кері жағдайда әйелдің миынан бірнеше сантиметр қашықтықта инфекция тууы мүмкін еді», – дейді хирург.

Тарақан Селвидің екі көзінің ортасынан табылған.

Жәндікті алып тастау операциясы 45 минутқа созылған. Қазіргі уақытта Үндістан тұрғынының жағдайы жақсы.

Жіберіп алмаңыз:

Мына суретте тығылып қалған жыланды тауып көріңіз

Егеуқұйрықты тірідей жұтқан қытай жігіті желідегілерді шошытты (видео)

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Миллионер панасыздарға құны 150 мың доллардан асатын қымбат пәтерін бере салмақ

Талқылау