Мына суретте тығылып қалған жыланды тауып көріңіз
Жыландарды ұстап алуға машықтанған аустралиялық Sunshine Coast Snake Catchers ұйымы желі қолданушыларына суретте тығылып қалған жыланды тауып алуды ұсынды. Сурет компанияның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Ұйым қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, суреттердің бірінде гүлді құмыраның артында ұзындығы 1,8 метр болатын кілем тәріздес жылан тығылып қалған.
«Қаласаңыз, сеніңіз, қаласаңыз сенбеңіз. Біз сіздерге олардың тығылып қала алатынын көрсетеміз. Тауып көріңіздер», — делінген жазбада.
Қанша тырысса да, кейбір желі қолданушылары жыланды таба алмады.
«Мен Иисустың суретін көрдім, басқа ештеңе таба алар емеспін», — деп қалжыңдады олардың бірі.
«Мен де ештеңе көріп тұрған жоқпын», — деді екіншісі.
Жүздеген адамдар жауап бергеннен кейін Sunshine Coast Snake Catchers дұрыс жауапты жария етті.
Жіберіп алмаңыз:
Иесі тақыр денелі мысығына татуировка салып тастаған (фото)
Егеуқұйрықты тірідей жұтқан қытай жігіті желідегілерді шошытты (видео)
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады