Дәрігерлер мәскеулік әйелдің қарнынан 25 келі ісікті алып тастады
Бауман атындағы № 29 клиникалық аурухананың дәрігерлері 59 жастағы мәскеулік әйелдің қарнындағы үлкен ісікті алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Н.Э.Бауман атындағы № 29 клиникалық ауруханасына жедел жәрдеммен 59 жастағы әйел жеткізілді. Фельдшер-дәрігері әйелдің жол бойы ауырып келгенін және тіпті демала алмай қалғанын айтты», – дейді Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
Дәрігерлер әйелді тексерген кезде оның қарнынан үлкен ісікті тапқан. Науқас бірден ота жасалу бөлмесіне жатқызылыпты. Бұл жағдай тәжірибелі деген дәрігерлерді де таң қалдырыпты. Сөйтіп науқастың қарнынан 25 келі ісік алынып тасталған.
Ота сәтті өткен. Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”