Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер мас полицейдің кесірінен ауруханаға түскен әншінің жағдайын айтты

Араққа тойып алып рөлге отырған бұрынғы полиция қызметкері қарсы жолаққа шығып кетіп, екінші көлікпен соқтығысты. Онда жас әнші Айбек Серікхановпен қарындасы отырған екен.

Дәрігерлер мас полицейдің кесірінен ауруханаға түскен әншінің жағдайын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға кесірінен екі машинадағылар да жарақат алып, ауруханаға түсті. Үсті-басының сау тамтығы қалмаған әнші енді апатқа себепкер тәртіп сақшысы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. 

"Екі секундта соққыдан кейін есімді жинап, тұншығып ояндым. Ойладым өліп бара жатқан шығармын деп. Аузымның бәрі қан. Ояна салып, Алуа, Алуа дедім. Қарындасымды басы екі орындықтың ортасында. Қолы рульда қайырылып жатыр екен. Ойладым Алуа да бірнәрсе болып жатқан шығар деп. Алуа көзіңді ашшы деп айтып жатыр едім. Ол да жылап оянды. Оның да аузы, беті қан. Айбек біз өліп бара жатырмыз ба?" дейді. Жоқ Алуа біз өлмейміз дедім", - деп еске алды Айбек Серікханов.


Тағы оқыңыз


Айбек сұмдық жол апатынан өзіне енді ғана келе бастады. Сол күнді есіне түсіргісі келмейді. Миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде тұсында да ауыр жарақаты бар. Соққыдан бір көзі әрең көріп тұр. Ал, көлікте бірге болған қарындасының қолы сынған.

"Қазіргі таңда жағдайы орташа ауырлықта. Стационарлық ем алып жатыр. Қазіргі уақытта емі консервативті. Дәрі-дәрмекпен емделеді. Әлі сынған сүйектеріне ота жасау, жасамау алдағы уақытта шешілетін болады", - деді №4 қалалық аурухананың жауапты нейрохирургі Нұржан Әжібеков. 

Әнші ауруханада әлі он күндей ем қабылдайды. Жол апатына себепкер болған адам да Айбек жатқан ауруханада. Оның жағдайы қазір бірқалыпты, бас ми жарақаты бар. Сұмдық оқиға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні болған. Мұхтар Шондыбаев қарсы бағытқа шығып кетіп, Айбек тізгіндеген машинаны соққан. Қос көліктің де сау тамтығы қалмапты. Ал Айбек сол түні тойдан келе жатыпты. Ата-анасы мен әпкесі басқа көлікте болған.

"Көлікті көрсе сала анамыз есінен танып қалды. Өйткені көліктің тең жартысы алдыңғы бөлігі жоқ. Екінші машинада сол ДТП-ның кінәлі адам жүргізушісі отырды. Ол кісінің мастығы соншама, көліктен шыға алмады. Көп адам көмектесіп, әрең шығарып алды. Жан-жағындағылардың барлығын балағаттап, сілеп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып отырды", - дейді зардап шегушінің әпкесі Бота Серікханов. 

Ал айыпты жүргізуші кешірім де сұрамапты. Тілдесуге барып едік, бізге де тіл қатпады.

"Басында екеуімізді бір палатаға жатқызып қойған. Сөйлеген де жоқ. Бір ауыз сөз де айтқан жоқ. Өзі бұрынғы ГАИ қызметкері екен. Ондай адамдар қоғамды тәртіпке келтірудің орнына өзі араққа тойып алыпты. Осында келіп алып бәрін басына көтерді", - деді Айбек. 

Қазіргі уақытта екі жүргізушіден де анализдер алынған. Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалады дейді полицейлер.

Талқылау