Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ер адамның құлағынан тірі кесірткені алып шықты

Қытайда дәрігерлер науқастың құлағынан тірі кесірткені алды. Ер адам құлағының ішінде кесіртке барын білмеген. Ол ұйқысынан оянғанда басының ішінде әлдене жүргендей сезінген. Бірақ кесіртке кірген деп ойламапты.

32_main_new.1503301688

Дәрігер кесірткені пинцетпен жұлып алмақ болғанда жәндік бастың ішіне қарай кіріп кетеді. Науқасқа ауырсынуды басатын екпе салынған. Мамандар кесірткені алып шыққанда оның құйрықсыз екенін байқайды. Олар науқастың бас сүйегін тексеріп шыққанымен кесірткенің құйрығын тапқан жоқ.

pic_133c1e8715a4abb4e3dd1018a1d1989d

Бұл кесірткенің геккон деп аталатын түрі. Олар да өзге кесірткелер секілді қорыққан кезде құйрығын тастап кетеді.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда Ұлттық Ұлан жауынгері көлік тіркемесінің астында қалып көз жұмды

Түйе иесінің қолын шынтағына дейін жұлып алды

Құтырған шошқалар көшенің ортасында әйелге шабуылдап, тұяғымен басынан теуіп тастады (видео)

Талқылау