Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 55 батарея алып шықты

Ирландияда дәрігерлер 66 жастағы науқастың асқазаны мен тоқ ішегінен 55 батарея алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі HuffPost сайтына сілтеме жасай отырып.

асқазан удз

Сурет: Irish medical journal

Дублин тұрғыны Сент-Винсент ауруханасына қан кету және ауырсыну туралы шағымдармен жүгінді. Дәрігерлер ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) жасап, асқазан мен тоқ ішекте бөгде заттардың бар екенін анықтаған.

Алдымен дәрігерлер бөгде заттардың ағзадан табиғи жолмен шығуын күтеді, бірақ бір аптада денеден тек бес батареядан шыққан. Науқастың асқазаны одан сайын ауырды. Содан кейін дәрігерлер әйелге ота жасауға келісіп, ағзасынан 50 саусақ батареясын алып тастады.

"Мұндай жағдай бірінші рет тіркелді. Батареялар бір уақытта ағзаға түскен", - дейді хирург-мамандар.

Қазіргі уақытта ирландиялық әйел дәрігерлердің бақылауында. Батареялар әйелдің ішінде қалай түскені айтылмады. Алайда дәрігерлер батареяларды жұту ағза үшін өте қауіпті екенін атап өтті, өйткені ол шырышты қабықтың зақымдалуын, перфорацияны және іштің ауырсынуын, т.б. ауруларды тудырады.

Талқылау