Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жай-күйін айтты

Әуе апатынан зардап шеккендердің жай-күйі жақсаруда.Бүгінгі күні Алматы қаласының стационарларында 27 пациент бар, оның ішінде 7-і бала.

Bek Air ұшағынан көз жұмғандар саны 15 адам жетті

Жансақтау бөлімінде 1 адам, атап айтқанда Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасында жатыр.

Барлық зардап шеккендердің, соның ішінде оңтүстік астанада жансақтау бөлімінде жатқан адамдардың жай-күйі тұрақты, бірқалыпты жақсаруы байқалады.

Әуе апатынан зардап шеккен үш адам одан әрі ем алу үшін санитариялық авиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласының Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына тасымалданды.

Жалпы алғанда, дәрігерлер 22 операциялық араласу жүргізді. Барлық жүргізілген операциялар сәтті өтті.

Оның ішінде екі балаға Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары жоғары технологиялық заманауи емдеу әдістерін қолдана отырып, кесусіз, атап айтқанда «Оң сан сүйегінің иілгіш өзекшелерімен остеосинтезі» операцияларын жасады.

Мұндай операцияның артықшылығы – оның ең аз жарақаттанушылығы және жедел емдеуден соң бірнеше күннен кейін сынған аяқ-қолдың қалпына келу мүмкіндігі. 

Естеріңізге сала кетейік, әуе апатының нәтижесінде зардап шеккендер саны 69 адамға жетті, оның ішінде 9-ы бала.

Қазіргі уақытта, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының стационарларында және Алматы қалалық көпбейінді клиникалық ауруханада 30 адам жатыр.


Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз

Талқылау