Дәрігерлер 15 шөлмек сыраның көмегімен науқасты аман алып қалды
Вьетнамда дәрігерлер сыраның көмегімен науқасты алкогольді уланудан аман алып қалды.
Оқиға Куангчи провинциясындағы ауруханада болды. Жансақтау бөлімі басшысы Ле Ван Ламның айтуынша, жедел жәрдем 48 жастағы Нгуен Ван Нхатты ауыр жағдайда жеткізген. Қанындағы метанол деңгейі қалыптан 119 есе көбейіп кетеді. Оған сапасыз алкоголь ішкені себеп болған.
Дәрігерлер науқастың ағзасына 0,3 литрлік банкімен 3 сыра құяды. Сыраның құрамында метанол антидоты мен этанол бар. Бұл науқасқа жақсы әсер еткен соң 12 сағат ішінде тағы бірнеше сыра береді. Дәрігерлер адам өліміне дейін апаратын токсиндерді қан құрамынан тексеріп көрді. Нәтижесінде науқас есін жиды. Үш күннен соң жағдайы оңалып, емханадан шықты.
Дәрігер Лам алкогольдің этил спирті не метил спирті ретінде түсетінін айтты. Метил спирті адамға қауіпті. Оның улы формальдегиді улануға әкеледі. Ағзаға этанол мен метанол түскенде бауыр этанолды қорыта бастайды. Дәрігерлер осы әдісті пайдаланды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
