"Демалыс күні дәрігерлер болмаған": Астанада жүкті әйел ауруханада жатып сәбиінен айырылып қалды
Фото: Видеодан скрин
Астанада Манас 22 мекенжайында орналасқан №2 көпбейінді ауруханада жатқан жүкті әйел дәрігерлер уақытылы медициналық көмек көрсетпегендіктен сәбиінен айырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің іші қатты ауырып, қан жоғалта бастаған. Оның жағдайының нашарлап, тіпті жалына бастаған. Бірақ соған қарамастан, медицина қызметкерлері тек арада 1 сағат 45 минут өткен соң келген. Бұл уақыт ішінде науқстың жағдайы ушығып кетті. Дәрігерлер баланы да құтқара алмады.
“Ол қансырап жатты, жылады, көмек сұрады. Түсік тастау қаупі болған, бірақ дәрігерлер ешқандай әрекет жасамады. Бұл сұмдық қой, тіпті ауруханада да әйел өзін қауіпсіз сезіне алмайды”, — деп жазды науқастың бөлмедегі көршісі әлеуметтік желіде.
Медицина қызметкерлері науқастың жағдайы нашар екенін білсе де міз бақпаған. 27 шілде демалыс күні екенін алға тартып, дәрігердің жоқ екенін, күту керегін айтқан. Алайда оның қашан келетінін де ешкім білмеген, білуге де тырыспаған.
Куәгердің айтуынша, жедел жәрдемге хабарласқан, бірақ олар денсаулы қ сақтау министрлігіне шығу керек деген. Ал денсаулық сақтау министрлігі меңгерушіге жіберген. Сол күні демалыс күні болып, меңгеруші келмей қалған.
Қайғылы жағдай болған аурухана бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
“Қазір бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданып, ресми қорытындылар жарияланады", — деп хабарлады №2 Көпсалалы облыстық аурухананың әкімшілігі.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
