Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрігердің берген дәрісінен күмәнданып тұрмын": Нұр-Сұлтанда журналистің жұмбақ өлімі тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтанда журналист Қуандық Шамахайұлының өлім себептері бойынша тергеу жүргізілуде.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, науқаста екі жақты полисегментальді пневмония болған.

«1960 жылы туған науқас жедел жәрдем қызметі арқылы КОВИД-19 күдігімен ауыр хәлде түсті. №1 көп салалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оған ауыр дәрежедегі этиологияның екі жақты полисегментальді пневмония диагнозы қойылды», деп денсаулық бөліміне түсініктеме берді.

Науқас клиникалық хаттамаға сәйкес емделді, оның жағдайы бірнеше рет нашарлады, делінген хабарламада.

«29 маусымда жүрегі тоқтады. Реанимациялық шаралардың жалғасып жатқанына қарамастан, науқас қайтыс болды. Өлім себептері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі туыстарына хабардар етіледі», - деді денсаулық сақтау басқармасында.

Көз жұмарынан бұрын журналист, профессор Қуандық Шамахайұлы Facebook-те оған белгісіз дәрі беріп кеткенін жазған еді.

"Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2.00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Әрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді", - деп қалдырыпты соңғы жазбасында. 

Талқылау