Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер науқастарды тегін отаға ақша төлеуге мәжбүрлеп келген

Челябинскідегі №3 облыстық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің басшысы науқастардан тегін жасалуы тиіс отаға ақша төлеулерін талап еткен. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетінің аймақтық бөлімінен хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дәрігер науқастардан тегін ота үшін ақша төлеуді талап еткен

Зерттеулерге сәйкес, дәрігер 2015-2017 жылдар аралығында 83 мыңнан 110 мың теңгеге дейін 20 науқаспен қайырымдылық туралы келісімшартқа отырған. Осы екі жылда хирург миллиондаған қаражаттың үштен бір бөлігін өзі алып келді.

Бірақ, айыпталушы бұл қаражат ауруханаға жабдықтар мен материалдарды сатып алу үшін пайдаланылды деп ақталды. Сонымен қатар, ол қаражаттың бір бөлігін мұқтаж қызметкерлерге аударып отырған. Осылайша, тегін ота үшін науқастардан ақша талап еткен дәрігердің қазіргі уақытта лауазымы төмендеді.

Сондай-ақ, медициналық қызметкердің өкілеттігін асыра пайдалану туралы қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Шілде, 2018 14:45
Талқылау