Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер: Масаларды улауға қолданылатын дәрілердің өзі аллергия туғызады

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында шыбын-шіркей көбейді. Күн сайын жәндік шаққан 40-50 адам емханаға баратын көрінеді. Өйткені шіркей шаққан жер қызарып, аллергиялық реакция тудырса керек.

bocek-savar-ilac

Астана іргесіндегі Қосшы ауылының тұрғындары да масадан мезі болды. Олар да балаларын ауруханаға көрсетуге мәжбүр, деп жазады Астана арнасы.

Ал аллергологтар оларды улаған сайын дәріге қабілеті күшейіп, шаққан адамда аллергия пайда болатынын айтады. Айбек Қосан тарқатады. Сәуле Терембаева немересін күнгізгі уақытта, оның үстіне тек желді күндері далаға шығаруға тырысады. Өйткені маса көп. Жақында маса шаққан немересін дәрігерге көрсетуге мәжбүр болыпты.

“Маса деген адам айтқысыз ғой. Кішкене немеремнің беті-басы, қызылша ауруы болады ғой, сол сияқты. Кеше поликлиникаға барсақ, балаларын жолатпайды. «Апай мынау не? Жаман ғой»,- деп. Білмеймін, елдің бәрі қалай тұрып жатқанын?!!”, – дейді «Лесная поляна» шағын ауданының тұрғыны Сәуле Терембаева.

Целиноград ауданы әкімдігінің өкілдері, масаны улаумен арнайы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы айналысады дейді.

Ол жерде тұрғындардың бірігіп ұйымдастырылған КСК өзінің арнайы ұйымдары бар. Солар арқылы 34 үй біріктірілген. Олар арнайы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жыл сайын олар келісімшарт арқылы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырады. Олар бастап та кетті осы уақытта. Ал аллерголог қазір бұған бей-жай қарауға болмайды деп отыр. Химиялық заттардың көбеюі жәндіктердің азғасына өзгеріс енгізсе керек”, – дейді Целиноград ауданы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Әбсаттар Иса.

“Ас тағамдарында тұрмыстық химия мен консерванттардың көптеп қолданылуы балалар мен ересектерге ғана емес, жәндіктерге де кері әсерін тигізеді. Шыбын-шіркейлердің санын азайту үшін түрлі сұйықтықтар қолданылады ғой. Ал маса адамды шаққан кезде, осы улағыш заттар адам денесіне енеді. Ағзаның осылай тітіркенуі инсекті аллергия деп аталады”, – дейді аллерголог-дәрігер Ботагөз Дәулетова.

Үлкен масасымен ерекшеленетін Атырау халқы биыл масадан ада болады. Өйткені жергілікті бюджеттен 130 миллион теңге бөлінген.

“Биыл дезинфекцияға 130 миллион теңге бөлінді. Бірақ масамен күреске 52 миллион жеткілікті деп тапқан «Биоген Инжиниринг Лимитед» фирмасы мемлекеттік тапсырысты жеңіп алды”, – қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі Рафхат Жолдыев.

“14 лотпен жұмыс жасап жатырмыз. 14 лотқа кіретіні қала бойынша 9 ауылдық округ, 942 үй, қала көшелері, демалыс орындары, ашық водоемдар, Каспий теңізінің жағалауы. Құрамымызда 18 дезинфектор, 6 бригада жұмыс жасайды”, – дейді  энтомолог Айнагүл Дәулетиярова.

Дегенмен, мамандар маса шақпас үшін балаларды су қоймалары мен қоқыс орындарынан аулақ ұстауға кеңес береді.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысында үйіне оқ атылған жәбірленуші әйелдің ұлы да күдікті ретінде ұсталды

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Жүкті және бала емізетін әйелдердің оразасы

Талқылау