Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер қандай балаларда коронавирустан кейінгі асқынулар болатынын мәлімдеді

Коронавирустың "дельта" штаммын жұқтырғаннан кейін, егер ауру ауыр өтетін болса балаларда да асқынулар болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігер-инфекционист Андрей Поздняковтың айтуынша, вирустың жаңа штаммын балалар ауыр көтеруде.

“Былтырғымен салыстырғанда сырқат ағымы ауыр өтіп жатқан жағдайлар көп. Әсіресе балалардың қосымша патологиясы бар болса қиын", – дейді ол.

Поздняковтың мәлімдеуінше, соңғы жылдары артық салмақ, глюкоза алмасудағы бұзылыстар, тіпті диабет сияқты патологиясы бар балалар саны артып келеді. Мұндай патологиясы барларда сырқат ағымының ауыр өту ықтималдығы жоғары.



“Коронавирус жұқтыру кезінде балаларда өкпенің қабынуы жиі тіркеліп отыр. Сырқаттан кейін көп жағдайда мультижүйелік қабыну синдромы пайда болады, ол сырқат ағымы жеңіл өтсе де болуы мүмкін. Мұндай жағдай госпитализацияны және емдеуді қажет етеді. Осылайша, балалар мен ересектер арасындағы сырқат ағымы ұқсас болып барады", – дейді ол.

Талқылау