Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер инфаркт пен инсульттің алдын алуға болатын сусынды атады

Белгілі ресейлік дәрігер Александр Мирошников қызылша шырыны инфаркт пен инсульттан қорғайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі Lenta.ru сілтеме жасап.

Нутрициолог, биология ғылымдарының кандидаты Александр Мирошников "Ресей 1" арнасындағы "О самом главном" бағдарламасының эфирінде жүрек-қан тамыр ауруларының алдын-алу үшін тұтынылатын сусын туралы айтты.

Мирошникотың айтуынша, қызылша шырыны инфаркт пен инсульттен қорғайды. Дәрігер түсіндіріп өткендей, бұл шырынның құрамында "зиянды" холестирин мөлшерін төмендететін флавоноидтар бар. Ол "зиянды" холестириннің ағзада көбеюі жүрек-қан тамыр ауруларының туындауына басты себеп екенін атап өтті.



Сонымен қатар ол күнініе 250 милилитр қызылша шырынын ішу керек деп есептейді. Осылайша, адам инфаркт пен инсульттің болуынан сақтана алады.

Талқылау