Дәрігер бойжеткеннің құлағынан кесіртке алып шықты
Таиландтың Бангок қаласында дәрігер науқастың құлағынан кесіртке алып шықты.
25 жастағы Варанье Нгантхави құлағы ауыратынын айтып, дәрігерге қаралады. Дәрігер оны тексере келе, құлағынан кесірткені байқайды. Пинцеттің көмегімен кесірткені алып шығады. Дәрігер науқастың құлағында кесірткенің құйрығы қалуы мүмкін екенін айтып, оны құлақ дәрігеріне жіберді. Алайда бойжеткеннің құлағынан бөгде зат табылған жоқ.
Бойжеткеннің құлағына кесірткенің қалай кіріп кеткені және бірнеше күн қалай өмір сүргені белгісіз. Қазір науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Талқылау

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Қызметкерлерге еңбекақы қалай төленуі керек және қандай құқықтары бар
Ауысым арасында демалыс ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауы қажет

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
Қаңтар құрбанының жұбайы енді әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр