Дәрігер бір сүлгіні екі адамға қолданудың қаупі туралы ескертті
Фото: Freepik.com
Жалпы практика дәрігері Хусейн Ахмат айтуынша инфекциялар бір сүлгіні бірге қолдану арқылы жұғуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro-ға сілтеме жасап хабарлайды.
“Зеңдік және кейбір бактериалдық инфекциялар сүлгі арқылы жұғуы мүмкін”, — деп есептейді жедел жәрдем бөлімінің жалпы практика дәрігері Хусейн Ахмат.
Ахматтың айтуынша, егер сүлгі дұрыс кептірілмесе, жұқтыру қаупі артады. Оның сөзінше, мұндай жағдайда матада түрлі бактериялардың көбеюіне қолайлы жылы әрі ылғалды орта қалыптасады.
Ол нақтылап өтті: жұптар үшін ең үлкен қауіп зеңдік инфекциялар, импетиго мен фолликулит сияқты тері аурулары, сондай-ақ герпес пен сүйелдер.
"Аяқ саусақтарының арасындағы немесе шат аймағындағы зеңдік инфекциялар ортақ сүлгіні қолданғанда жиі кездесетін жағдай", — деді дәрігер.
Сонымен қатар маман егер қос серіктес жалпы алғанда дені сау болса, сүлгіні бірге қолдану арқылы қандай да бір инфекция жұқтыру қаупі өте аз екенін айтты. Ең басты қағида – сүлгіні әр қолданғаннан кейін жуып, жақсылап кептіру секілді қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау қажет.
Бұған дейін дәрігер Сара Марин Бербелл тамақтан соң бірден душ қабылдамауға кеңес берген еді. Оның айтуынша, ас ішкеннен кейін суға түсу ас қорытуды қиындатуы мүмкін.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
