Дариға Бадықованың екі бірдей туындысы ең көп касса жинаған фильмдер тізімінде көш бастап тұр
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova
Еліміздің кино тарихында ең көп касса жинаған фильмдер тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тізімнің басында Дариға Бадықова түсірген “Таптым-ау сені” фильмі тұр. Бұл туынды 1 млрд 834 млн теңге қаржы жинаған. Екінші тағы да Дариға Бадықованың орында “Ыстық ұя” орналасқан. Оның кассасы – 1 млрд 754 млн теңге. Ал үздік үштікті 1 млрд 730 млн теңге жинаған “Дәстүр” фильмді түйіндейді. “Патруль. Последний приказ” арқылы танылған көңілді жігіттердің туындысы 1 млрд 727 млн теңге пайда тапқан.
Алғашқы бестікте “Молда”, “Заманback” фильмдері де бар.
Жалпы, тізімдегі 17 фильм 23 млрд 032 млн теңге пайда тапқан.
“Ыстық ұя” – Дариға Бадықованың продюсер ретіндегі төртінші жобасы және миллиардтық межеден асқан үшінші фильмі. Қазақстандағы барлық уақыттағы ең кассалы фильмдер тізімінде "Ыстық ұя" екінші орынға тұрақтады. Ол Дариға Бадықова түсірген "Таптым-ау сені" фильміне ғана жол берген. Романтикалық комедия сол кезде отандық кинода рекорд орнатқан және бұл көрсеткішті әлі күнге дейін ешкім жаңарта алған жоқ. Ал Сауле мен Жексен туралы хикаяның жалғасы "миллиард жинаған фильмдер" рейтингінде он бірінші орынға ие болды.
Кассалық түсімдер жөніндегі мәліметтерді SulpakCinema, ASCARCinema және AsanaFilm дистрибьюторлары ұсынды.
Кинопрокатшылардың айтуынша, Дариға Бадықованың мұндай жетістігі – отандық кино үшін бірегей құбылыс.
Ал Дариға Бадықованың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жетістігіне арнап жазба жариялады.
“Ыстық ұя екінші орынды иеленді. Мені жақсы көретін адал оқырмандарым, көрермендерімнен сүйінші сұрайын деп шықтым. Аллаға шүкір деуден шаршамаймын. Менің екі фильмім қатарынан Қазақстан кино тарихында І орында “Таптым-ау сені”, ІІ орынды “Ыстық ұя” алды. Бірі күлдірді, бірі жылатты… Бастысы, екеуі де жүректен шыққан. Жүректерге жетті…
Бұл рекордтар – жай ғана цифрлар емес. Бұл – ең бірінші Құдайдың мені қолдауының, сосын әр кадрға төгілген еңбектің, көз жасы жұмысқа деген махаббаттың, көрермен алдындағы шынайылықтың жемісі”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисадан видеоүндеу жасауын талап еткен еді.
Еске салайық, отандық телехикаяларда төбе көрсетіп жүрген талантты актер Дархан Мұсаев 16 жыл отасқан жары Дариға Бадықовамен ажырасып кеткенін айтқан еді.
Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтқан болатын.
Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді