Дәріден уланған: Атырауда дәрігерлер оқушы қыздың өмірі үшін 12 сағат күресті
Атыраулық дәрігерлер гипертензиялы көптеген дәрілерді жұтып қойған 12 жастағы қызды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды.
Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дулат Сабыровтың айтуынша, гипертензиялы көптеген дәрілерді қабылдағаннан кейін қыз бала уланып қалған.
«Дәрігерлер кішкентай науқастың өмірі үшін 12 сағат бойы күресті. Жағдайы тұрақталғаннан кейін қызды палатаға ауыстырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз отбасылық жанжалға байланысты көптеген дәрі қабылдаған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"