"Дәрі-дәрмек, шатыр мен төсек-орындар жеткізілді": Қазақстандық дәрігерлер Ауғанстанға көмекке барды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан көмек қолын созды. Зардап шеккен аймақтарға қазақстандық тәжірибелі дәрігерлер барып, медициналық әрі гуманитарлық қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. 3 қарашаға қараған түні магнитудасы 6,3 болған жер сілкінісі елге үлкен зардап әкелген еді.
Президенттің тапсырмасына сәйкес өткен аптадан бері Қазақстаннан арнайы медициналық бригада мен гуманитарлық жүк жөнелтілді. Мемлекеттік резервтен дәрі-дәрмек, хирургиялық құрал-жабдықтар, таңғыштар, шатырлар, төсек-орын және өзге де қажетті заттар жеткізілді.
Миссия құрамына ауыр жарақаттар мен шұғыл жағдайларда тәжірибесі мол білікті мамандар кірді. Академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығынан:
• О. Бекарысов, Д. Ғалым, А. Долгов, Р. Әбілов, Б. Тұрлыбеков.
Ұлттық нейрохирургия орталығынан:
• С. Карібай, Н. Әшіров, А. Қадыров.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан:
• А. Сатыбалдин, С. Нұртазин, Р. Сәлімов, А. Қыдырбаев, Г. Түсіпбеков.
Қазақстандық дәрігерлер түрлі күрделі операциялар жасап, науқастарды қарап, кеңес беріп жатыр.
Олар жергілікті дәрігерлермен бірлесе отырып, науқастарды дұрыс орналастыруға, операция кезегін жоспарлауға және ең ауыр жағдайдағы адамдарға көмектесіп жатыр. Сонымен қатар ортақ талдаулар жүргізіп, тәжірибе алмасып жатыр.
Қазақстандық медицина мамандары қиын сәтте ауған халқына жанашырлық танытып, нақты көмек көрсетіп келеді.
Түркияда 6,1 магнитудалық жер сілкінісі тіркеліп, ғимараттар қирады
Еске салайық, бұған дейін Ауғанстан аумағында 2025 жылдың 3 наурызында магнитудасы 6,3-6,8 болған жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Саманған қаласына жақын жерде орналасқан, тереңдігі – 30 шақырым. Зілзаланың салдары көршілес елдерге де әсер етіп, Өзбекстанның бірқатар өңірлерінде 5 балға дейін сезілген. Табиғи апат салдарынан алдын ала мәлімет бойынша жеті адам қаза тауып, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зақым келген.
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Атырауда Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын айтып берді