AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретхана тазартқышы: Ақтауда тұрғынның зәресін алған көк түсті ауыз су туралы әкімдік түсініктеме берді

Ақтауда 17-шағын аудандағы 93-үйдің тұрғыны ауыз суды тұтынар кезде оның орнына аққан көк сұйықтықты көріп шошыған болатын. Ақтау әкімдігі осы факті бойынша пәтер құбырларының тексерілгенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Lada” порталына сілтеме жасап. 

“Біз тіпті судың сары немесе лас болғанына үйреніп қалғанбыз. Алайда судың мұндай түсін бірінші рет көріп отырмыз. Көгілдір сұйықтық краннан жарты сағаттай ағып, кейін қайтадан түсі ақ болып өзгерді”, – деп шағымданған болатын Ақтау қаласының тұрғыны.

Осыған орай әкімдік құбырлардың тексеріліп, көк түсті судың қайдан пайда болғанын түсіндірді.



“Анықталғандай, дәретханаға тазартқыш таблеткалар лақтырылған. Соның салдарынан су төгетін цистерна істен шығып, су жалпы жүйеге өтіп кеткен. Сондықтан шүмектен көк су шыққан. Қазіргі уақытта жағдай реттеліп, таза су жіберіліп жатыр”, – деп хабарлады Ақтау әкімдігі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр