Данияр Елеусіновті IBF рейтингісінен шығарып тастады
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санаттары өкілдерінің рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Қазақстандықтар арасында бұл ұйымның белбеуі орта салмақтағы Геннадий Головкинге тиесілі. Мейірім Нұрсұлтанов та орта салмақтағы рейтингте ол 14-орынға жайғасты. Екінші орта салмақтағы ТОП-5-те бірден екі қазақстандық бар: Айдос Ербосынұлы (4-орын) және Әли Ахмедов (5-орын).
Бұл дивизионда IBF титулы мексикалық Сауль Альвареске тиесілі. Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы рейтингте болмады. Бұған дейін ол 15-орында болатын. Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек 11-қатарда. Оның дивизионында Халықаралық бокс федерациясының белбеуі жапондық Кеничи Огаваға тиесілі.
Талқылау
Пікір