Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов әйелімен ажырасқаны туралы мәлімдеді

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің ажырасқаны туралы айтты.

Бұл жөнінде ол тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында әңгімеледі.

Данияр Елеусінов пен оның әйелі бөлек тұру жайлы жақында ғана шешкен.

«Негізінде, құпия ретінде сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Балармен араласамын, әрине. Мұндай шешімге жақында ғана келдік. Бірақ алда уақыт көрсетеді. Қазір қасымда емес», – деді боксшы.

«Данияр қазір бойдақ болып отыр ма сонда қазір? Кейбіреулер уақытша көрейік деп жатады…» деген Ләйлә Сұлтанқызының сұрағына да жауап берді.

«Сондай уақыт деп санасақ та болады. Бірақ қазір қасымда емес. Бөлек тұрып көрейік дедік. Ең бастысы, бұл жерде ұстап тұрған бала болатын. Балам қиналып қалмасын, бала толық жанұяда өмір сүрсін, әкесінен айрылмасын деген мақсат болған. Неше түрлі жағдай болады. Еркек болған соң, өз баламнан бас тартпаймын. Өз баламның бүкіл жағдайын жасаймын, қолымнан келгенше», – деді Данияр Елеусінов.

Бұған дейін Данияр Елеусінов сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берген еді.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда түсік тастаған 40 жастағы әйел хәл үстінде жатыр

WhatsApp қолданушыларға ыңғайлы тағы бір қызмет түрін қосты

Анасы Илья Ильиннің не себепті ажырасқанын айтты

Талқылау