Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияда он жастан бастап балалардың жынысын өзгертуге рұқсат берілді

Данияның этикалық кеңесі мемлекеттік органдарға он екі немесе тіпті он жастағы балаларға жынысын заңды түрде өзгертуге мүмкіндік беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кеңес мүшелерімен сұхбаттасқан дәрігерлер, зерттеушілер және ата-аналар негізінен гендерлік дисфорияны бастан кешіретін кез дәл 10-12 жас аралығындағы балалар өздерінің қандай жынысқа жататындығын растайды деп санайды.

Дания парламентінің солшыл партиялары, соның ішінде билеуші социал-демократтар мұндай бастаманы қолдады. Социалистерге қатысы жоқ қалған партиялар бұл ұсынысты құп көрмеді. Олар үкіметтің мұндай қадамы дисфориямен ауыратын балаларды "тәжірибенің құрбаны" етуі мүмкін деп ескертті.

Жасөспірімдердің трансгендерлік мәселелерінде жыныстың заңды өзгеруі бұған әлі де қорытынды жасауға көмектесе ме, жоқ па - белгісіз.Сонымен қатар, "жынысын өзгерткен" баланың кейін өз шешімі үшін өкіну үлесі қанша болатыны да нақты емес.

Талқылау