Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниал Ахметов: Бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керек

Өскемендегі 19 шағын аудан қарамағындағы бірқатар жер телімдері 13 жыл бойы нысаналы мақсатына сай қолданылмай келген.

Олар бүгінде жекеменшіктің құзырында. Облыс әкімі бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтаруға тапсырма берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Шағын ауданның 30-дан астам учаскесіне инженерлік инфрақұрылым желісі тартылған. Ал жұмыстың құны 40 миллиард теңгені құраған. Қаражат мемлекет қазынасынан алынды. Бір қызығы, жұмыс аяқталған соң, жер телімдері жекенің қолында кеткен. Құрылысқа білек сыбана кіріскендері некен-саяқ. Небәрі 5 кәсіпкер. Облыс әкімі тапсырмасынан кейін бірден 3 учаске кері мемлекет меншігіне қайтарылды.

“Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарына 40 млрд.теңге бейберекет жұмсалған. Оның жемісін көріп жатқан ешкім жоқ. Біз шағын аудан салу үшін жаңа ресурстар іздеп жүрсек, мұнда үлкен жер учаскелері бос жатыр. Олардың орнына 20 көппәтерлі тұрғын үй салуға болатын еді”, – деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы, жер телімдерін алған азаматтар құрылыс жүргізуге ниет білдірсе, құрылыс мерзімі, қаржылық мүмкіндігі баян етілген құжаттарын, сондай-ақ жобалық-сметалық құжатын көрсетулері тиіс. Әйтпесе, жер сот арқылы кері қайтарылады.

Тағы да оқыңыз:

Дүйсенова Қырғыз президентінің “Қазақстанда зейнетақы аз” дегеніне қатысты пікір білдірді

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Қазақша сайрап тұрған орыс қызы анасынан “қазақша сөйлеші” деп өтінді (видео)

Талқылау