AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Тұрарбек: Анам барған жеріңнен сүйегің шықсын деді

“Өнер қырандары” театрының актрисасы, Мадияр Серікбаевтың жары Дана Тұрарбек отбасы мен өткені туралы әңгімелеп берді. Жолдасымен таныстығы, қызықтары жайлы баяндады. 

Бұл туралы актриса “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтты. 

Дана Тұрарбек Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданынының тумасы. Шымкент өңіріне келін. Актер Мадияр Серікбаевтың жары. Бүгінде “Өнер қырандары” театрының актрисасы. 

Актриса өнер жолына  өз қалауымен келгенін, осылайша жолдасымен танысқанан айтады. 

“Анам заңгер. Менің де заңгер болғанымды қалады. Мен өнер жолын таңдадым. Анам қарсы болды. Мен сонда анама алғаш рет қарсы шықтым. Себебі, актриса болғым келді. Анам “егер грантқа түссең, оқисың” деді. Солай Алматыға келдім. Өнер академиясына келдім. Қуыршақ театрына оқуға түстім. Маған қалайда грантқа түсу керек болды. Ол жерде бір ағай сынақ алып отыр екен. Мен қойдың рөлін ойнап, маңырай бастадым. 40 минут бойы маңырадым. Бірақ әлгі кісі мені жақтырмадым. Мені шақырып алды да, “саған қой емес, шошқаның даусын салған жақсы жарасар еді” деді. Мен жылап қалдым. Ол кезде томпақ едім. Солай оқуға түстім. Қазір ол ағай маған алғысын айтып, жазып отырады”, – деді Дана. 

Айтуынша, 18 жасында тұрмыс құрып, 19 жасында ана атанған. Ал тұңғышын ата-әжесі асырап алған екен. 

“Мадияр бірінші баланың ата-енем бағатынын айтты. Себебі, біз студент едік. Алматыда оқуда болдық. Баланы қарай алмадық. Солай Шымкентте апарып тастадық. Мен жылап баламды сағынамын. Бірақ Мадияр басу айтқанда, өзіме келемін. Мәкең өте дана азамат қой. Бір түсінбестік болса, ерінбей түсіндіреді. Біреуге жасаған жақсылығыңды адамнан емес, Алладан күт дейді. Бәрін түсіндіріп берген соң шынында да менікі дұрыс емес екен деп ойланып қаласың. Одан бөлек шын талант. Мен қанша пародия салғаныммен, Мәкеңнің даусын сала алмаймын”, – деді жары. 

Дана Тұрарбек жолдасы Мадиярға деген ерекше құрметі, сезімі барын жасырмайды.

“Біз жақ орыстанып кеткен өлке. Анам Шымкентке қалай келін боласың деп қарсы болғандай болды. Мен айттым Мадиярды жақсы көрем. Бәріне шыдаймын дедім. Онда барған жеріңнен сүйегің шықсын деді. Солай келін болдым. Төркініме жиі бармаймын. Жол алыс. Мәкең үнемі мені қолдайды”, – дейді Дана Тұрарбек.


"Бермей қоймаса": Бес баланың әкесі атанған Мадияр Серікбаев 21 мыңнан үмітті екенін айтты (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр