Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Дәрі сатқан жемқорларды қол беріп амандаспайтындай, қыз беріспейтіндей масқара ету керек

Белгілі тележүргізуші, сенат депутаты Дана Нұржігіт елді жайлаған  жемқорлық жайлы сөз қозғады. Халық дәрі таппай отырғанда ақша табудың амалын тапқандарды жеті ұрпағына дейін масқаралау керек дейді.

"Жемқорлыққа қарсы агенттік ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасының тұжырымдасын жалпы халықтық талқылауға шығарыпты. Бұл дегеніміз алдағы парламент сессиясында жемқорлармен күрестің күшейтілуі туралы мәселе ерекше назарда болып,заң қатаң болады деген сөз", - деп жазды желідегі парақшасында.

Дана Нұржігіт коронавирустың бәсеңдеп, елде аурудан айығу мерзімі келер деп үміт етеді. 



"Бұл індет жойылса екен деп тілейміз. Мен ғана емес, барша адамзат аурудың бір жойылатынына сенеді. Тезірек ауру кетіп, одан айығар кезең басталар. Бәріміз содан үміттіміз. Ал, осыдан соң жемқорлыққа ашық қарсылық танытсақ деген ойым бар. Халық қиналып, ауа жетпей жатқанда дәріні сатып, бағасын үш есе шарытатып сату деген барып тұрған жауыздық. Ондай жемқорлардың есімі белгілі болу керек. Халық ашық түрде қарсылық таныту керек. Қол беріп амандаспай, қыз беріспей, жеті ұрпағына дейін бетіне салық салу керек. Окопта жатып, дәрі сатқансың. Жау келгенде саудаласып тұрғансың деп масқаралау керек. Сонда ғана жемқорлықтан құтыламыз деп ойлаймын. Жемқорлар сонда ғана ойлана бастайды деп ойлаймын", - деді Дана Нұржігіт Basty Prime бағарламасында.

Айтуынша, қазақ кешірімді халық. Кешірім сұрағанды кешіре салатын, мейірімді халықпыз дейді ол. Алайда жемқорларға кешірім етуге жол жоқ. 

Талқылау
Пікір
Аслон
05 Қаз, 20 жыл - 05:36

Жемқор министерлер ертең коронавирус біткеннен кейін тағы жумыста болады бізде бәрі мүмкін