Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамир Исмағұлов Alash Pride 100 турниріндегі жекпе-жегінде қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (25-3) Alash Pride 100 турниріндегі жекпе-жегінде жарқын жеңіске қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/ismagulov_damir/

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов Ақтөбеде өткен  Alash Pride 100 турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Отандасымыз UFC чемпионы Ислам Махачевті нокаутпен ұтқан Адриано Мартинстің орнына келген бразилиялық  Обердан Виейрамен жұдырықтасып, бірінші раундта айналып барып теуіп қарсыласын сұлатып түсірді. Осылайша Дамир араға 6 жыл салып, қарсыласын уакытынан бұрын ұтты. Ол соңғы рет M-1 Global тұжырымында нокаутпен жеңіске жеткен еді. 

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-дегі екі жеңілісінен кейін қатарынан екінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Ол бұған дейін Алматыда өткен Hardcore FC турнирінде ресейлік Дмитрий Климовқа қарсыжұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.

Талқылау