Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәмі тіл үйіретін ши бауырсақты қалай пісіру керек екенін білесіз бе? (фото)

Шығыс қазақстандықтардың өзге аймақтарға таңсық көрінетін дәмдерінің бірі осы ши бауырсақ. Сол өлкенің қаймағы бұзылмаған қазақтарының кеңесіне құлақ аса отырып, назарларыңызға оның қалай жасалатынын ұсынамыз.

бау7

Stan.kz  сайтына ши бауырсақтың сырын  Эльмира  Байтұрған есімді  семейлік ашты.

Ол алдымен ши бауырсаққа қосылатын заттарды дайындап алды.

бау6

«2 дана  жұмыртқа. Жарты шай  қасық нан содысы, 100г сарымай немесе еттің сорпасын қосамыз. Мөлшерін маймен бірдей етіп 100г су қосамыз. Қалауыңызша қант қоссаңыз да болады. Ал ұнды нанымыз қатты болып иленетіндей етіп қосабересіз»,-дейді бес баланың анасы.

бау4

Бес бала тәрбиелеп отырған ана ши бауырсақ  кішкентайлардың  сүйікті тағамы дейді. Тіпті кейде балалар  «Ши бауырсақ жасамай кеттіңіз гой» деп  анасының есіне салып отыратын көрінеді.

бау5

«Еріген майға жұмыртқа, су, тұз, нан содасын араластырып, ұн қосып илейміз. Иленген қамыр қатты болу керек. Нанды тынған соң  барынша жұқа етіп жаямыз. Ши бауырсақты семейлік ағайындар: «өте жіңішке кеспе тәріздес етіп кесу керек» дегенді жиі айтады. Қамырды кеспе сияқты жіңішке етіп кесіп алғаннан кейін, оны қатты қыздырылған майға қуырамыз. Ескеретін жәйт, ши бауырсақ пісіретін май қатты қызуы  керек. Өйткені, қызуы аз майды бауырсақ сіңіріп алады. Ол ши бауырсақты қытырлақтық қасиеттен айырады»,- дейді  Эльмира Байтұрған.

бау3

бау2

бау1

бауырсақ2222

Бұл бауырсақтың дәмі дүкен сөрелеріндегі ши бауырсақтан әлде қайда дәмдірек шықты. Олай болса оқырман, сіз де үйіңізде пісіріп көріңіз.

Оқи отырыңыз:

Меруерт Түсіпбаева ұмыт қалған ұлттық тағамдарды жаңғырта бастады

Қаназдық ауруына таптырмас ем болған сірне тағамын әзірлей аласыз ба?

Алматы облысы тұрғынының тісжегіден басталған дерті асқынып қатерлі ісікке айналған (фото)

Ақтөбеде арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып аялап отыр (фото)

STAN.KZ
Жұма, 24 Ақпан, 2017 12:40
Талқылау