Көліктің терезесінен шығып билеген қыз жолдың үстіне құлады (видео)
Әлеуметтік желіде Махачкалада түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрлардан терезеден шығып билемек болған қыздың жол үстіне құлап кеткенін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жол талғамайтын көліктің терезесінен шыққан қыз билеп, артқа қарай иіле бергенде құлап кетеді. Кейін бірден орнынан тұрып, көлігіне қайта отырады.
Оқиға Махачкала қаласындағы Акушинский көшесінде болған. Ішкі істер министрлігінде бұл жағдайдан кейін көлік жүргізушісінің жауапқа тартылатынын мәлімдеген.
"Қыз билемек болып құлап кеткен көліктің жүргізушісі анықталып, Махачкала қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді", – делінген хабарламада.
Көлік жүргізушісі сол күні болған оқиғаға қатысты жауап беріп, енді мұндай жайттың қайталанбайтынын мәлімдеген. Алдағы уақытта жүргізушінің әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”