AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цукерберг пен оның әйелінің үстінен жыныстық қысым бойынша сотқа арыз түсті

Facebook әлеуметтік желісінің басшысы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чанның бұрынғы қызметкерлері ерлі-зайыптыларды жыныстық қудалау, кемсітушілік және жалақы төлеуді кешіктіру бойынша айыптап, сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

цукерберг жена

NBC телеарнасының мәліметінше, шағымданушылар 2017 жылдан 2019 жылға дейін "үй шаруашылығының менеджері" ретінде қызмет атқарған Джон Доу болған. Сондай-ақ, 2018 жылдан 2019 жылға дейін Limitless Specialty Services LLC компаниясында жұмыс істеген Миа Кинг есімді азаматша. Ол ерлі-зайыптыларға қауіпсіздік қызметін ұсынған.

Сот процесінде Facebook желісі жайлы сөз болмағаны атап өтілген.

Отбасының өкілі ретінде таныстырған Бен Лаболт бұл айыптауларды жоққа шығарып, оларды дәлелдеу мүмкін емес екенін жеткізді.



"Біз кәсіби мамандардан тұратын отбасылық кеңсе командасын мақтан тұтамыз. Әріптестерімізді әділетсіз қорлауды көздеген бұл айыптаулардың сәтсіз болатынына сенімдіміз", - деп келтіреді дереккөз оның сөздерін.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта сот бұл іске қатысты тыңдауларды тағайындамаған.

Марк Цукерберг пен оның әйелі бұрынғы қызметкерлердің айыптауларына ресми жауап берген жоқ.

Айта кету қажет, Facebook соңғы айларда қатты қысымға ұшырауда. Бұған дейін компанияның бұрынғы қызметкері Wall Street Journal жариялаған мақалалар сериясының негізін құрайтын корпорацияда жүргізілген зерттеулердің көшірмелерін сақтаған. Хоген әлеуметтік желіні арандатушылық мазмұнды әдейі таратады деп айыптаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр