Cолтүстік Қазақстан облысында 70 миллиард теңгеге ағаш өңдейтін зауыт салынбақ

Солтүстік Қазақстан облысында 70 миллиард теңгеге ағаш өңдеу зауыты салынады. Премьер-министр Олжас Бектенов арнайы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр ағаш өңдеу өндірісін құру жөніндегі "Ultradecor Trading Kazakhstan" ЖШС-мен инвестициялық келісім туралы қаулыға қол қойды. Кәсіпорын 2026–2028 жылдары іске қосылмақ. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 70 миллиард теңге.
Өндіріс ағаш-жаңқа тақталарын және ламинатталған ағаш-жаңқа тақталарын шығаруға маманданады.
Алматыда соққан жойқын дауыл салдарынан Шымбұлақта алып ағаш құлады
Келісімшартқа сәйкес, инвестор ішкі нарықты басымдықпен қамтамасыз етуге міндеттеледі:
- Қазақстан нарығына квота: дайын өнімнің кемінде 50%-ы ішкі нарыққа бағытталады;
- Экспорт әлеуеті: өндіріс жобалық қуаттың 80%-ына шыққан соң, жылына шамамен 60 мың текше метр өнім экспортталады;
- Жергілікті қамту: жоба аясында қазақстандық өндірушілердің тауары, шикізаты, жұмысы мен қызметін пайдалану міндеттелген.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында тұрғындар ағаштар жаппай оталып жатқанын айтып, дабыл қаққаны туралы жазған едік.