Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда соққан жойқын дауыл салдарынан Шымбұлақта алып ағаш құлады (видео)

Фото: Видеодан скрин

21 ақпан күні Шымбұлаққа барған қала тұрғындары мен қонақтары алапат дауылдың куәсі болды. Қолайсыз ауа райында тауға шыққандар алапат дауылға ұрынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қатты соққан желден арқанжолдар тербеліп, алып ағаш құлаған. Әлеуметтік желіде қолданушылардың видеосы тарады. 

Үлкен ағаш серпантин жолына құлап, көліктердің жүруіне кедергі жасады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жолдың тазартылғанын мәлімдеді 

“Жолдың жүру бөлігі Құтқару қызметі мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері тарапынан тазартылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ”, – деп мәлімдеді ТЖД.

Сондай-ақ бүгін таңғы уақытта аспан түнеріп, аспанды қара бұл жапты. Желі қолданушылары бір сәтте келген қалың бұлттың үлкен жылдамдықпен келіп, қараңғылық басқанын жарыса айтып жатты.

Фото: threads.com

Фото: threads.com

“Қазгидрометтің” болжауынша, жексенбі күні еліміздің көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.

“Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қалың қар жауады”, – делінген болжамда.

 

Айым Болатқызы
Сенбі, 21 Ақпан, 2026 16:14