Цой басшылықты сынаймын деп, жұмыстан қуылған дәрігердің жоғары лауазымға тағайындалуын түсіндіріп берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркістан облысындағы ауруханалардың біріндегі жарамсыз медициналық қолғаптарды видеоға түсіріп, жариялап, жұмыстан босатылған дәрігердің жаңа лауазымға тағайындалуына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Сейдуалиев

"Біздің мамандарымыз қазір сұранысқа ие. Жекелеген өңірлерде медицина қызметкерлері қудалауға ұшырайтын жағдайлар бар. Бұл заңнамамен нақты реттеледі, әрбір жағдайда қаралады. Мысалы: Түркістан облысында дәрігер қолғаптың үзілгендігі туралы ролик көрсетіп, жұмыстан босатылды. Резонанс болды. Біз бұл мәселені де шештік. Дәрігер қазір басқа емханаға ауыстырылды. Бөлімше меңгерушісі болды", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

Министр видеоға түсірілген қолғаптар Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберілгендіктен, кішкентай көлемде болғанын атап өтті.

"Біз ешбір жағдайда медицина қызметкерлерінің құқықтарын төмендетпейміз, керісінше, егер әділетсіз жағдай болса, оған әрдайым шағым жасауға мүмкіндік бар. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Біз медицина қызметкерлерімізді құқықтық алаңда қорғайтын боламыз", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы, Келес аудандық ауруханасының хирургі әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жұмыстан қуылды. Онда Қайрат Сейдуалиев ота жасауға берілген қолғаптардың сапасыз екенін айтқан. Қызу талқыға түскен видеодан кейін, 10 жылдық тәжірибесі бар маман қызметінен кеткен

Дегенмен, көп уақыт өтпей Қайрат Сейдуалиев қайта жұмысқа кірді. Енді ол Сарыағаш ауданының орталық аудандық ауруханасында қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр