Цой: Біз Қазақстанды карантинге жабуды мақсат етіп отырған жоқпыз
Қазақстан шекараны жауып, оқшауланбайды. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр қазіргі таңда елді толығымен жабу жоспарланбағанын жеткізді. Қазір алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда жағдай тұрақты. Еліміз ең тұрақты елдердің бірі болып табылады. Сондықтан біз аймақтық ауқымда жұмыс жасауымыз керек. Біздің міндетіміз елді жабу емес. Біздің міндетіміз - алдын алу жұмыстарын жүргізу" , - деді Цой брифингте.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі шекарадағы тәртіп қатаңдатылғанын айтты.
"Бірақ ол үшін барлығымыз бірігіп, қазіргі уақытта елде қолданылатын шектеу шараларын сақтауға шақырамыз. Қазіргі таңда біз шекарада белсенді жұмыс бастадық. Себебі біздің міндетіміз сырттан әкелінген коронавирустық инфекцияға қарсы тұру болып табылады, сондықтан автокөлік пен әуе жол арқылы шекарадан өту кезінде ПТР сертификаты сұралады", - деді Цой.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан төрт елмен әуе тасымалын қысқартатыны туралы жазған болатынбыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
