Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-қа қарсы ресейлік вакцина Қазақстанға қашан жеткізіледі

Covid-19-ға қарсы "Спутник V" ресейлік вакцинасын сатып алу көлемі мен күні препараттың алғашқы партиялары шыққаннан кейін келісіледі. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

"Алғашқы партиялар шыққаннан кейін бағалар, саны мен жеткізу күні келісіледі", - деп жазды Цой Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол Ресей Федерациясына сапары кезінде ірі ресейлік компаниялармен Қазақстанға дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, жабдықтар мен коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды жеткізу мүмкіндігі бойынша қосымша келіссөздер жүргізілгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы Қазақстанға ресейлік "Спутник V"вакцинасын жеткізу туралы келісті. Қазақстанға жеткізу үшін вакцина партиясын Ресейдің тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктестерінің бірі өндіретін болады.

Бұған дейін Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Қазақстанға COVID-19-ға қарсы "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын жеткізу жоспарланғанын хабарлады. Болашақта вакцинаны жеткізу көлемі 5 миллион дозаға дейін артуы мүмкін.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 18:57
Талқылау