AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейді деген ақпарат рас па?

Facebook-те COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды мектепке жібермейді, ал вакцинациядан бас тарту мектеп оқушыларын білім алу конституциялық құқығынан айыратыны туралы хабарлама тарады. Бұл ақпарат — жалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz сайтына сілтеп.

Хабарламада автор ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзіне сүйенеді. Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде "Хабар 24" телеарнасының эфирінде министр Қазақстанға Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19-ға қарсы вакцинаны жеткізу жоспары жайлы баяндады. Бүгінгі таңда бұл препарат клиникалық сынақтардан өтіп, 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакциналау үшін мақұлданған.

Алайда, бұл біздің елімізде 12 жастан асқан оқушыларға вакцинация міндетті болады және онсыз балалар мектепке бара алмай, кемсітушілікке ұшырайды дегеннің белгісі емес. Алексей Цой мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Біріншіден, Pfizer/BioNTech вакцинасының алғашқы партиясы осы жылдың қазан айында, яғни оқу жылы басталғаннан кейін әкелінуі мүмкін. Екіншіден, денсаулық сақтау министрінің өзі хабарлағандай, балаларды COVID-19-ға қарсы вакциналау тек ерікті түрде ғана жүргізіледі және кәмелетке толмағандар ата-аналарының келісімімен ғана егіледі.

Демек, екпе салдырмаған балаларды білім алуға конституциялық құқығынан айырады деген қауесет негізсіз және шындыққа жанаспайды. Қазақстандық оқушылар вакцинация мәртебесіне қарамастан білім алатын болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр