Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19 ауруының жаңа толқыны басталады –  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс әлемде Covid-19 ауруының жаңа толқыны күтілуде, сонымен қатар тұмау маусымы басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ковид

Ұйым басшысы тұмауға қарсы екпе алуға шақырды.

"Қазіргі уақытта Еуропаның бірнеше елдерінде Covid-19 ауруы өршіп, өлім-жітім санының артқан. Өйткені ауа райы салқындап, адамдар бірге көп уақыт өткізеді, ал көптеген елдерде шектеу шаралары алынып тасталды. Covid-19 тіркелген жағдайлары көбейсе де, өлім болмайды деп сенеміз, себебі қазіргі таңда вакциналар мен терапевтік құралдар бар", – деді Тедрос Адханом Гебрейюс брифинг барысында.

Ол "Омикрон" штаммы әлі де басым екенін атап өтті, сонымен қатар ДДСҰ осы штаммның 300-ден астам қосалқы нұсқаларын зерттеуде.

ДДСҰ басшысы тұмау маусымы басталатынын да еске салды. Оның айтуынша, пандемия кезінде енгізілген шаралар тұмау санын азайтуға көмектесті.

"Шаралар алынып тасталғаннан кейін тұмау қайта оралды және оған селқос қарауға болмайды. Тұмауға қарсы вакциналар аурудың және өлімнің алдын алуда  тиімді. Сондықтан тұмауға қарсы екпе алу керек", - деп түсіндірді Гебрейюс.

Талқылау