Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек қызметінен босатылды
Фото: Gov.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің өкілеттік мерзімі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асхат Оразбек 2019 жылдың сәуір айында вице-министр қызметіне тағайындалған еді. Бұған дейін ол Қазақстандағы блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.
"Бірінші сынып оқушысы": Шымкентте қазақша ежіктеп сөйлеген вице-министр оңбай сынға қалды (видео)
Еске сала кетейік, қаңтар айында үкіметтегі брифинг барысында Асхат Оразбек Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қызмет сапасын жақсартпаса, нарықта жаңа — төртінші оператор пайда болатынын ескерткен еді. Алайда арада көп уақыт өтпей, шенеунік бұл сөзін нақтылап, мұндай нақты жоспар жоқ екенін айтты.
Еске салсақ, осыған дейін қарияның сұрағына келемеждеп жауап берген вице-министр Асхат Оразбек сынға қалғанын жазғанбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген